Сәлем, достар!
Бұл – Айым Тлепберген және «QAZAQ time» подкасты.

Бұл подкаст қазақ халқының болмысы мен жалпы «қазақ» дегенде ойға келетін түсініктер мен ұғымдар, жорым-жоралғылар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ұлттық пелагогика, аңыз-әңгімелер мен қисса-дастандар, сондай-ақ, тарихи тұлғалар жайлы қысқа әрі нұсқа ақпарат берілетін эпизодтардан тұрады.

Подкаст қазақ тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне қызығатын барша тыңдарман қауымға арналады.

Сондай-ақ, қазақ тілін үйреніп жүрген достарыңызға да «QAZAQ time» подкасты жайлы айтуларыңызды сұраймыз. Бір керегіне жарап қалар…

Подкаст аптасына екі рет – әр дүйсенбі және бейсенбі күндері шығады. Кезекті эпизодты жіберіп алмас үшін, подкастқа жазылуды ұмытпаңыздар.

«QAZAQ time» подкасты «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе дайындалады.

Дыбыс режиссері – Жанагуль Тлепбергенова

Хабарласу үшін: qazaqtime.podcast@gmail.com

Instagram: @aiymtlepbergen