Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Осы тақырыптағы подкасттардың жүргізушісі антрополог Индира Алибаева.

Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Осы подкастта identity термині және қазақтардың түсінігіндегі “ұлт”, “этника” (ethnicity) ұғымын талқыладық. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның контекстінде елде тұратын этникалық азшылықтардың бейімделу амалдары туралы да сөз болды.

Подкасттың қонақтары PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы, саясаттанушы Камила Смагулова және KIMEP Университетіндегі Қытай және Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жадыра Кеңесбекпен жоғарыдағы тақырыпта ой қозғап көрдік.

Эпизодта аталған еңбектерге сілтемені біздің YouTube каналымыздан табасыздар: https://www.youtube.com/c/CPSKZ/about