Әзіл – кез келген қарым-қатынастың таптырмас бөлігі. Ол арқылы адамдар достасады, табысады, бірақ кейде ренжіседі.
Арқамыз қозғанда шек білмей артық кетер кездеріміз сирек болмайтыны өкінішті. Заңғар мен Дастан Түйменің қосымша санында осы құбылысты талқылады.
Подкаст демалыста болғанымен сіздерді жаңа эпизодсыз қалдыра алмадық. Әдеттегіден қысқа санымызда айтылған заттардың мәні барынша зор.
Әзілдеймін деп артық кеткен адамдар, ортаның гүлі болам дем мазақтайтын жандар мен қой дегенді білмейтін азаматтар тыңдауға міндетті сан.
Сіз тыңдап, өз ойыңыз бен алып-қосар затыңызды әдеттегідей телеграмда жазыңыз!
А сосын мына санды таратсаңыз, әзілқойларға ашуыңызды астарлап жеткізе аласыз!
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Құлаққап дайын болса, play-ді басыңыз!