OY-DETOX / Денсаулық: Дәрі ем бе, у ма? Ауырсынуды басатын дәрілер

OY-DETOX / «Денсаулық» айдарының бұл эпизодында фармаколог, фармацевт, биология ғылымдарының докторы Шынар Байдуллаевамен бірге ауырсынуды басатын және қызуды түсіретін дәрілер туралы маңызды сұрақтарды талқылаймыз.

Ауырсыну мен қызу көтерілгенде көпшілігіміз дәріханаға барып, рецептсіз сатылатын дәрілерді оңды-солды қолдана береміз. Бірақ сол «қарапайым» дәрілердің артында қандай қауіп бар? Доза неге маңызды? Қай кезде дәрі ем, ал қай кезде уға айналады?

Жауапты эпизодтан табасыздар! 

OY-DETOX / «Денсаулық» айдарындағы кезекті эпизодтың қонағы – кардиолог Әсел Карбозова. Бұл шығарылымда жүрек-қан тамыр аурулары туралы көп айтыла бермейтін, бірақ бәрімізге қатысты сұрақтарды қозғаймыз.Ауырмайтын жүрек бола ма? Ағза қандай белгілер арқылы «дабыл қағады»? Инфаркт пен инсульттің алғашқы, көп адам мән бермейтін симптомдары қандай?Жүрек ауырмаса да, кардиологқа барудың қажеті бар ма? Ал өмір салтын сәл ғана өзгерту арқылы нені алдын алуға болады?Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауапты эпизодтан табасыз.Өзіңізге де, жақындарыңызға да пайдалы әңгіме, міндетті түрде тыңдаңыз.”OY-DETOX | Денсаулық” айдарының серіктесі – https://medservice.kz

Эпизод таймкоды:

00:00 – аңдапта, эпизодқа кіріспе

00:02 – фармакология мен фармацевтиканың айырмашылығы

03:59 – дәрі дегеніміз не?

05:25 – дәрі қалай пайда болады және шикізаттарды қайдан аламыз?

00:12:25 – неге біз отандық өндірушілерге сенбейміз? 

00:16:30 – Қазақстанда қанша дәрі шығаратын отандық өндірушілер бар? 

00:21:49 – Қазақстанда дәрі неге қымбат?

00:29:07 – ауырсынуды басатын дәрілерді қаншалықты жиі ішуге болады?

00:40:44 – жүкті келіншектерге ауырсынуды басатын дәрілерді ішуге бола ма? 

00:48:25 – дәрілердің қауіпсіз дозасы бар ма? 

00:58:31 – шетелден келетін дәрілер қандай да бір тексеруден өтеді ме?

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/oydetox/ medserviceplus.kz инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/medservicepluskz/