Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы.

Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі?

Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі – қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық.

Біз бұл құбылысты қабылдау жайлы сөйлесіп, сарапшымен ақылдасып шықтық. Өзінің көмегін көрсеткен Асель Садуға алғыс білдіреміз. Тақырып ауыр болған соң әуелі психологпен сөйлесіп, содан кейін өзіміздің бағамызды бердік. Сол себепті бұл сан әдеттегіден өзгеше.

Өлім өмірдің соңы ма? Бәлкім бөлігі шығар? Мұны қалай қабылдаймыз? Ал қабылдау деген не?

Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.

Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram