Machine Learning (ML) – қазіргі заманның басты трендтерінің бірі, тұжырымдарға сүйене отырып қолданатын алгоритмдер мен статистикалық модельдерді ғылыми зерттеу технологиялары. Мысал ретінде жасанды интеллектті (artificial intelligence) айтсақ болады.
Бүгінгі шығарылымның қонағы – Малайзияда жасанды интеллект саласында еңбек етіп, MultiMedia университетінде докторантурада білім алып жүрген Мағжан Қайранбай.
Мағжанмен бірнеше пайдалы тақырыптарды сөз еттік:
1. Қазақстан мен Малайзия білім жүйелерінің айырмашылықтары
2. Machine learning
3. IT компанияға жұмысқа орналасу
4. Малайзиядағы өмір
5. Жеке даму
Эпизод жасанды интеллект, бағдарламау, ІТ саласы жайлы пайдалы ақпаратқа толы. Өзіңізді осы салада шыңдағыңыз келсе, тұлға ретінде дамып шетелдегі өмір жайлы білгіңіз келсе тыңдауға шақырамыз!
Тайм-кодтар:
0:00:25 Мағжан Қайранбай кім?
0:01:40 Малайзиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктері
0:08:00 Магистратура, PhD түрлері
0:12:30 Жас кезінде оқуға барған дұрыс па?
0:18:30 500 хат жазу
0:29:30 Machine Learning (ML) деген не?
0:34:00 ML қалай үйренуге болады?
0:41:00 ML саласында ғылыми мақала керек пе?
0:43:00 Математиканы қандай деңгейде білу керек?
0:48:00 Жұмысқа тұру процесі жайлы
0:53:30 Мағжан жұмыс істейтін компания
0:58:00 Қазақстан неге ML қолданбай жатыр?
1:06:00 Machine Learning трендтері
1:12:00 Малайзиядағы өмір ерекшеліктері
1:16:00 Малайлық дискриминация
1:22:00 Жеке дамудағы challange-дер
1:27:00 100 адаммен танысу
1:31:00 Ғылыми тәсілді өмірде қолдану
1:35:30 Мағжанның тыңдарманға тілегі