ZAZ-дың “Je veux” әні мен Afric Simone-нің “Hafanana”-сын қазақша тыңдап көрдіңіз бе? Алматылық Мөлдір Байбуринова осы және өзге де оншақты әнді қазақ тілінде шырқап жүр. Көптен ойда жүрген бұл ермегін жұрттың назарына ұсынуға досымен арада болған бәс түрткі болыпты. Бұл туралы Мөлдірдің өзі айтып береді.