Кішкентайында “өскенде білесің” дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай эасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік.
Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы әңгіме мен қызықты оқиғаға толы.
Есею – өмір бойы жүретін процесс. Әр кезеңді өткен кезде адам қиналатыны, қиналып болған соң күлетіні мен сол кезеңге асығатыны жайлы білесіз бе? Біз осы ойды өрбіттік. Есею тек жас емес, ол тәжірибе мен өзіңді қайта таразылау, іздену, қабылдау әрі түсіну. Ересек өмірдегі жауапкершіліктің де жөні бөлек екенін ұмытпайық.
Есеюге ынтық, сол процестен қиналып немесе бір кезеңді алқымдаған әр жанға қызық болар санымызды қабыл алыңыз.
Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.
Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram