ЕРКЕБҰЛАН ІЛИЯСОВ: Жемқорлықпен күрес, тендер мәселесі, ҚЗ-дық өнім, жастарды тех-қ мамандыққа тарту

Еркебұлан Ілиясов еліміздің ең ірі өндірістік компанияларының бірі “Alageum Electric” КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі, “Жамбы ату” мен “арқан тартыс” федерациясының президенті болып келеді. Бұл сұхбатта бірнеше маңызды сұраққа жауап іздеп көрдік, мысалы: жастар техникалық мамандыққа неге ұмтылмайды, тендердің экономикамызға қандай зияны бар, жемқорлықты жеңе аламыз ба және қазақстандық өнімнің болашағы бар ма?