Музыка қаншама жүзжылдықтар бойы көшпенді қазақ қоғамының өмір салтымен бірге туып, біте қайнасты. Сондықтан Baysa подкастының алғашқы эпизодында музыка мен дыбыстың шамандар мен бақсылардың ойынында қандай маңызға ие екенін, сондай-ақ жақынынан айырылған жанның көңіліне жоқтаудың қалай демеу болғанын әңгімелейміз.
Бұл эпизодта Тәңіршілдік дәстүрін ұстанатын бақсы Ховаған Төбет Қам, музыкатанушы Меруерт Құрманғалиева мен мәдениеттанушы Зира Наурызбаева сарапшылық ойын ортаға салды.
Подкастты Болат Өтемұратов атындағы Қордың қолдауымен Bulbul студиясы және Батырхан Шөкенов атындағы Қор жасады. Жаңа эпизодты өткізіп алмау үшін подкастқа жазылуға шақырамыз.
Bulbul студиясы t.me/bulbulpodcasts, www.instagram.com/bulbulpodcasts/.
Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобалары туралы толық ақпаратты сайттан https://batyr.foundation және қордың Instagram парақшасынан www.instagram.com/batyr.foundation/ біле аласыз.
Болат Өтемұратов қорының бағдарламалары мен жобалары туралы https://utemuratovfund.org сайтынан оқып, Instagram парақшасынан www.instagram.com/bulat_utemuratov_foundation/ көріңіз.