Tolyq Adam Podcast — қазақ әдебиетіндегі “толық адам” концепциясын талдауға арналған подкаст.

Негізігі мақсаты — шығармаларды талдап, түсінгенімізбен бөлісіп, түсінбегенімізді сұрау. Жастарды әдебиетке, кітап оқуға қызықтыру.

Бұл шығарылымда Абайдың “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек” өлеңі мен 17-қара сөзі оқылды. Осылардың негізінде ақыл, қайрат және жүректі орнымен қолдану туралы сөйлестік.

Шәйіңізді алып, ыңғайлы жайғасыңыз. Келесі 1 сағатыңыз қызықты әрі пайдалы өтеді деп сенеміз.

Мазмұны: 00:00:00 Intro

00:00:59 Бірінші эпизод қалай болды?

00:06:17 Өлең басталды

00:10:24 ТикТок парадоксы

00:11:35 Толық адам формуласы

00:13:58 Әдебиеттің қызығы

00:18:00 Абайда шылаумен проблема болған ба?

00:21:13 17 Қара Сөз

00:24:50 Адамның өзіне байланысты

00:30:00 ӨӨТ

00:36:27 Жүрек жаман бола алады ма?

00:50:47 Ғылым деген не?

00:53:55 Ақыл культі VS Жүрек культі

00:56:20 Сезімдер Аллаһтан келеді

01:00:46 Абаймен келіспеймін

01:03:05 Кітаптағы жазу

01:06:17 Қалпыңды таза сақта!

01:10:15 Outro