Ақтаулық әлеуметтік кәсіпкер Салтанат Бралина бір жылдан бері калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады. Айтуынша, бұған органика қалдықтары мәселесін шешуге талпыныс түрткі болған. Ол аталған мәселені зерттеп, ақырында ең оңтайлы шешімі – шылаушын деген қорытындыға келген.