Айгүл Сәдуақасова: жаңа ұрпақ өзін қазақ деп есептейді

KIPD Podcast – қоғамдық дискурсқа арқау болған өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыда талқылайтын подкаст. 

Алғашқы қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым, зерттеуші Айгүл Сәдуақасовамен елдегі ұлттық бірегейліктің маңызы және ұлт қалыптастыру мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта national identity ұғымының аудармасы, пандемияның ұлттық құндылықтарға әсері, халықтың өз тарихын қабылдау процесі туралы айтылады. 

Подкаст Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұлттық бірегейлік тақырыбындағы «Біз кімбіз?» бейнероликтер сериясы аясында түсірілді.