90. Қасиет Сақиолла: “Бар арманым жұмысыммен байланысты!”

Сүйікті кәсіп пен керемет еңбекқорлық қосылғанда ғажайыптар пайда болады. Бұл біздің кейіпкеріміз – Қасиет Сақиолла туралы айтылған нәрсе. 

 

—-more—-

Қытайда туып өскен Қасиет бала кезінен сурет салып, анимацияға қызығушылық танытып жүреді. Бір күні Қазақстандық «Аңшы» анимациялық фильмін көріп қалып «мен осылай түсіре алсам – нағыз аниматор болғаным» деп ат басын Қазақстанға бұрады. Қызығы, Қасиет келген жылы астанада алғаш «Анимация» факультеті ашылып, Қасиет тұңғыш түлегі атанады. 

Қазір Қасиет 28-де, осы жасқа дейін ол Қазарт киностудиясының негізін қалады. 2020 жылы студияның «Махамбет» толықметрлі фильмінің тұсау кесері өтті. Сонымен қатар Балапан арнасында студияның 9 мультхикаясы балаларға жол тартты. Бұның барлығы отандық анимацияның дамуының көрінісі. 

Қасиеттің ендігі арманы – ешқандай шектеусіз толығымен өнерге арналған тың анимациялық жоба жасау. Біздің арманымыз – Қасиеттей дарынды, еңбекқор батырлардың армандары орындалғаны!

 

Bonus episode: “Алдымызға қойғанның бәрін жей береміз бе?!”

Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек 

Дизайн: Мариям Тоқанова 

Music: DLN 

 

—-more—-

Достар, сіздерді осы шығарылымның демеушісімен таныстырайық – қазақстандық DosMart.kz IT-стартапы. 

 

Олар супермаркеттер мен дәріханалардағы саудадан кэшбэк алуға болатын ыңғайлы сервис  (сатып алушыларға және бизнеске арналған) ойлап тапты. Толығырақ ақпарат DosMart.kz сайтында.

 

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат