Қазақстандағы баспа ісінің жағдайы қандай? Кітап шығаруға қанша шығын кетеді? Кітаптарды қазақшаға аудару қиын ба? Хәрри Поттер Қазақстанға қалай келді?
Достар, бүгін студиямызға еліміздегі баспа ісінің патшайымы, Steppe&World баспасының негізін қалаушысы және Роулиңтен Муракамиге дейінгі талай үздік авторларды қазақша сайратқан Раиса Кадер ханым қонаққа келді.
Раиса ханыммен соңғы бес жылда Steppe&World баспасынан қанша кітап жарық көргенін, балалар әдебиетін қазақшаға аударуда қандай қиыншылықтар болатынын және Хәрри Поттерді аудары жұмысы қалай болғанын әңгіме еттік. Баспагер ханым қазақшаға аударылған кітаптың ақшасы қайда кететінін, кітаптардың электрондық нұсқасына сұраныстың қандай екенін және қазақи болмысты сақтау үшін не істеу керектігін айтты.
Оған қоса, қонағымыз Моңғолиядағы сумо шеберлері, тарихи отаннан жырақтағы өмір және болмыс тақырыбында сөз қозғады. Раиса ханымның басынан өткен қызықты оқиғаларды өз аузынан естігіңіз келсе, дәл қазір youtube каналымызға өтіп, жаңа эпизодты көріңіз.
Арман Сулейменов: https://www.instagram.com/armansu/
Раиса Қадыр: https://www.instagram.com/raisa_kader/
Продюсер: https://www.instagram.com/good.years/