Мақпал Жұмабай – музыкант ақын, авторлық орындаушы. Әр өлеңнің әуенін еститін сезімтал өнер иесі. Шығармашыл табиғатына қарамастан кәсіби жолында бірнеше жауапты жобаларды сәтті ұйымдастырып келеді. Осыған дейін kitap.kz онлайн кітапханасының редакторы, Жаңғырық тележобасының продюссері болған Мақпал қазіргі таңда Балапан телеарнасының директоры.
Бүгінгі эпизодта Мақпал Жұмабай ақын болудың ерекшелігі, өнері үшін менеджментті үйренгені туралы, телеарна арқылы балалармен қалай байланысатыны туралы айтып береді. Сонымен қатар өзінің тәжірибесінен жинаған жұмыс пен уақыт тиімділігі жайлы ақыл-кеңестерімен бөліседі. Ескертпе: эпизодта Мақпал Жұмабайдың рұқсатымен “Қарсылық” атты туындысы ойналады, бұл подкасттағы шығарылымнан бөлек рұқсатсыз қолданылуы заңсыз.
Мақпал Жұмабайдың концептуалды концерттері:
Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек
Дизайн: Мариям Тоқанова