“5 жасымда 18 жастағы жігіт зорлады”. Зорланғаны жайлы кітап жазған Ләззат Рақышеваның хикаясы – желтоқсан 09, 2022

Ләззатты алты жасқа толатын жылы көршісі зорлаған. Анасынан ерте айырылған, әкесі жұмыстан қолы босамаған бүлдіршін қорыққаннан ешкімге айта алмаған. Ауырған, жақындары емшіге апарған. Бірақ жан жарасын жаза алмаған. Ләззат кейін басынан өткен оқиғасы жайлы кітап жазды. Бүгінде бақытты әйел, аяулы жар, көп балалы ана және заңгер Ләззаттың әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. Тыңдап, ой бөлісіңіздер.