45. Манат Мұстафа: “Ұлтқа өзін-өзі сақтау үшін ғылым керек.”

Др. Манат Мұстафа – ғалым-математик, профессор және «Балапан» телеарнасының сарапшысы. 

 

Ашаршылық заманында ұрпақ сақтау мақсатымен шекара асып, Қытай жерін паналаған қазақ әулетінің ұрпағы Манат Мұстафа жастайынан қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, үлкендердің ел туралы сағыныш әңгімелерін тыңдап өскен. Сол себепті Отанға оралу – ол үшін үлкен бақыт, әрі ұрпақ алдындағы борыш. 

 

Қазақстанға келгендегі қуанышы соншалықты мықты болғаны – өмір жолындағы қиындықтарқа қарамастан Манат Мұстафа жаңа ортаға, аралас қазақ-орыс тілге тез бейімделіп кетті. Қазақ Ұлттық Университетінде докторлық диплом қорғаған соң Манат Мұстафа ғылыми жұмысымен Сингапур елінде жұмыс жасайды. Ол елдің даму жолы мен ұстанатын бағытын зерттеп, жақсы қасиеттерін өзіне түртіп жүреді. Кейіннен елге келе Назарбаев Университетінде профессор атанып, білген-тергендерін шәкірттеріне айтып келеді. 

 

Бұл эпизодта Манат Мұстафа ғылымның қоғам дамуына әсері жайлы, математикадағы шешілмеген есептер және Қазақстандағы математиктер қоғамы жайлы айтып береді. Сонымен қатар ұстаздық етудің қыр-сыры мен қазіргі жастар бойынан байқалатын ерекшеліктерді талқылап береді. Қапы қалмаңыз!

 

Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек  

Дизайн: Мариям Тоқанова  

Аудиомонтаж: Дана Нурмагамбетова   

 

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат