Сабақтан алған бағаларымыз – бізді өмірде қандай адам екенімізді шынайы көрсететін бір анықтауыш емес. Бірақ перфекционизм немесе «үздік оқушы» («отличник») синдромы кейде соны ұмыттырып, өз-өзімізді іштей жеп, сынауға әкеледі. Жастайымыздан бойымызға сіңген бұл синдромның пайдасы да, зияны да болуы мүмкін. Маңыздысы, оны дұрыс жолда қолдана алу!
Бүгінгі шығарылымда қонақта Регистратор Офисінің бас менеджері, Олжас Тұяқбаев. Эпизодтың модераторлары – Айкерим Дауренбаева және Альмира Жоламанова.