Бұл эпизодқа сіздер бұрыннан таныс Жадыра (#105 эпизод), Индира (#103 эпизод ) және Динара (#102, #99 эпизодтар) қатысты. Біз 2020 жылдың соңғы күндері жиналып, 2021 жылдағы мақсаттарымызбен және жылды жоспарлау жолдарымызбен бөлістік. Эпизод әдеттегіден өзгеше, себебі ұзағырақ және табиғи әңгімелесу форматында болды.
Уақыт кодтары:
00:00 – Қыздармен танысу (яки олардың дауысымен танысу)
06:04 – Динараның буллет журналы
08:26 – Индираның 2021 ж жоспарлары
11:09 – Жадыраның 2020 жылдан алған басты сабағы
13:18 – Университет бітіргеннен кейін екі жылдан кейін қайта надан адам боласың. Үздіксіз білім маңызды.
13:56 – Талшынның жоспарлау әдісінің эволюциясы: Filefox –> Roam Research
26:02 – Онлайн құралдардағы қауіпсіздік мәселесі қорқытпай ма? Қолжетімді басқа адамдардың миы, “білім бақшасы”
36:35 – Динараның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, антропология туралы подкаст)
45:46 – Жадыраның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, лингвистика туралы подкаст)
48:45 – 4 адам, 3 подкаст
49:00 – Білгенмен бөлісу – парыз
52:33 – Талшынның 2021 ж жоспарлары
53:41 – Динараның Zero waste челленджі
57:16 – Жадыраның тағы бір мақсаты
59:30 – Өмір дизайны. Қалаған адамға айнала аламыз.
01:02 – Индираның жазу челленджі
01:04 – “The art of thinking clearly” кітабы
01:05- Тілектер