Бүгін және келесі эпизодта көп тіл білетін тамаша жандармен сұхбат құратын боламыз. Бір екі тілді үйрене алмай, әзер алып жүргенде, бірнеше тілді өз еркімен, өз қызығушылығымен үйреніп, барлығын қатар алып жүргендер арнайы сиқырды, таңғажайып формуланы біле ме екен деген сұрақ мені мазалады. Бірнеше тілді қалай үйренсе болады? Бүгін осы сұрақтарды Мәди Базылбекке қоятын боламыз.
Мәди Базылбек – қазақ, орыс, ағылшын, жапон, испан, түрік тілдерін білетін полиглот, тіл менторы. Инстаграмдағы аккаунты: @madee.fazl
Уақыт тэгтері:
00:52 — Мәди қандай тілдерді біледі?
02:03 –Көп тіл білу үшін жас кедергі емес
03:15 — Тіл үйренудегі алғашқы қадамдар/білім жолы
06:20 — Неліктен жапон тілі?
08:53– Не үшін испан тілі?
11:10 —Не үшін түрік тілі?
13:46 –Тіл үйренуді қалай бастаған жөн?
22:31– Кез келген адам кез келген нәрсені үйрене алады. Бірақ үйренуді қалай үйренуге болады?
28:44 — Испании мен түрік тілдерін өз бетінше қалай үйрендіңіз
34:01 –Әр тілмен әр түрлі адамсыз ба?
38:55 –Бұл тілдерді күнделікті өміріңізге қалай ендіресіз?
44:15 –Оқып жатқан кітаптарыңызды тіл үйрену үшін қолданасыз ба?
50:12 –Тілді үйрену мен үйретудің айырмасы қандай?
53:50– Тілді үйренуге қатысты маңызды бес кеңес