Тамаша жыл” кітап клубының тамаша мүшелерімен бірге қазан айында Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның Social animal кітабының қазақша нұсқасын оқыдық. Оқулықтың қазақша атауы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Кітапты аударған: Ұлттық Аударма Бюросы. Кітап Рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша 2018 ж шығарылған. Бұл эпизодта осы кітаптан өзімізге алған, түсінген ойлармен бөлісетін боламыз. Ыңғайлылық үшін әрбірімізге кітаптың бір тарауы берілген болатын.
Бұл эпизодта келесі тараулар талқыланды:
- Бұқаралық коммуникация: үгіт-насихат және иландыру
- Адамға тән агрессия
- Ұнату, жақсы көру және тұлғааралық сезім
Ал “Әлеуметтік таным” тарауын Индира келесі эпизодта талдайтын болады.